Массаж – әр түрлі аурулардың емі әрі алдын алады. Толық массаж зат алмасуды, теріні жақсартады және жүйке, ас қорыту жүйесіне жақсы әсер етеді. Бұлшық ет пен буындарды қатайтады, қан тамырлары мен жүреккке пайдалы және қан құрамын жақсартады. Массаж шаршағанды басып, тыныштандырады. Ұйқысыздық пен гипертонияда жақсы көмектесіп, бас ауруын жояды. Остеохондроз және ревматизмде көмектеседі, иммунитетті көтереді және артық салмақтан арылуға да көмектеседі.

Массаждың әсерінен қан айналым жақсарады, яғни оттегімен қоректеніп, тегіс әрі сау тері өңі пайда болады. Эпидермистің өліп қалған жасушалары жойылады, майлы тіндерден тер және май бөлінеді, сонымен қатар метаболизм жұмысы жақсарады. Жүйке жүйесі тері рецепторларынан тітіркеніп, барлық мүшелер мен жүйелерге рефлекторлы түрде әсер етеді. Сондықтан, массаж техникасының түріне қарай олардың қарқындылығы мен ұзақтығына қарай массаж тыныштандырады. Массаж бұлшықет жүйесіне, буындарға, сіңірге әсер етеді, олардың серпімділігін жақсартады, ыдырау өнімдерін жояды. Бұлшықет жұмыс істеу қабілеттілігін күшейтеді және сүйек қозғалысын жақсартады. Бұлшықеттің ықшамдалу және созылу функциясын күшейтеді. Массаж жаттығудан кейін бұлшықеттерде ауырсыну тудыратын денеде жиналған артық сұйықтық пен сүт қышқылын бұлшықеттерден шығарады. Массаж қан мен лимфа тамырларына оң әсерін береді. Ол органдардан қанның жүруін тездетеді, сол арқылы ағзалар мен тіндердегі қан жиналу құбылыстарын азайтады, ісінуді кетіреді. Массаж әсерінен тамырлар кеңейтіледі, резервтік капиллярлар белсендіріледі, осылайша массаж жасалған жерлер мен органдарда қан айналым жақсара түседі. Сонымен қатар, қан құрамын жақсартып, гемоглобин, лейкоциттер мен эритроциттер өседі.

Тыныс алу бұлшық етінің массажы олардың функциясын арттырады, дем алу мен дем шығаруды жеңілдетеді.

Нүктелі массаж әр түрлі ісіктер мен варикоз кезінде жасауға болмайды. Ішкі ағзалар ауруларын күшеюінде, қан кетуде, жоғары температура, жүктілік кезінде массаж қабылдау ұсынылмайды. Әсіресе, 60 жастан асқан ересектерге аса сақтықпен жасау керек, өйткені олардың қан тамырлары әлсіз болғандықтан көгеріп қалуы мүмкін.