Хиджама – вакуумды банкалар мен ине арқылы денедегі тұрып қалған қанды шығаратын ем тәсілі. Бұлшық ет қатуында, қабынуда, созылмалы әлсіз метоболизмде тағайындалады. Егер тұрып қалған қанды шығарса қан айналымы жақсарып қана қоймай, бүкіл ағзаның зат алмасуы жақсарады. Қан айналымы дұрыс болмаса, біздің ағзамыз альтернативті жол іздеп капиллярлар пайда болады да артық қандар тұрып қалады. Міне осылай тамырлардың түйнеленіп кеңеюі пайда болады. Қан алу – қан айналамын жақсартатын және артық қандарды жоятын емдеу әдісі.